Құқық қорғау органдары

STOP-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 16 әйел есепке қойылды

Қыркүйектің 10-ы мен 12-сі аралығында өңір полицейлері “STOP-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Оның басты міндеті – адам саудасына байланысты жасалған қылмыстарды ашу және алдын алу. Қорытындыны баян етейік. Тәртіп сақшылары шара барысында өңір аумағындағы фермерлік қожалықтардың бірінен 8 жасар қыз бен оның 88-ші жылғы анасын анықтады. Екеуінің де ешқандай білімі әрі құжаттары болмай шықты. Нәзікжандының айтуынша, ол Түркістан облысында дүниеге келіпті. Ана мен бала қаламыздағы әйелдерді қолдау орталығына жеткізілген екен. Сонымен қатар, құқық қорғаушылар 1 жеңгетайлық, 3 қоғамдық орындарда тиісу фактісін тіркеген. Көлденең жолмен көк тиын тапқан 16 әйелді есепке қойған. Оның біреуі – Қырғызстан Республикасының азаматшасы.

Казиканова Алтынай