ТЖ

СҚО-да 61 жастағы ер адам суға батып кетті

Мамлютка ауданында 61 жастағы ер адам суға батып кетті. Марқұмның денесі Окунево көлінен табылған.

Қайғылы оқиға қыркүйектің 11-і күні орын алған. Азамат балық аулауға шыққан екен. Содан кейін жақындарымен хабарласпапты. Іздеу жұмыстары кезінде балықшының құтқару құралдарын пайдаланбағандығы анықталды. Қазір сарапшылар марқұмның нақты / неден көз жұмғанын анықтап жатыр.

Ешкенова Дана