Спорт

Велошабандоздарымыз халықаралық жарыстан жүлделі оралды

Солтүстікқазақстандық “Vino Astana motors” құрамасының мүшелері халықаралық жарыстан жүлделі оралды. Спортшыларымыз Босния және Герцеговина елінде ұйымдастырылған “Вelgrade Вanjaluka” додасының жалпы командалық есебінде 3-ші орын еншіледі.

Сайыстың 3-ші кезеңінде жерлесіміз Матвей Никитин қарсыластарынан біршама ұзап, жеңіске бір табан жақын тұрған. Алайда, мәреге 500 метр қалғанда оны өзге велошабандоздар қуып жетті. Келесі күні өзге теріскейлік Глеб Брусенскийдің бағы жанды. Ол діттеген жерге 2-ші жетті. Ал Даниил Пронский жалпы есепте жарысты 3-ші орынмен аяқтады.

Култанов Байболат