Құқық қорғау органдары

Облыстық ПД музейі қашықтықтан жұмыс істеуде

Облыстық ПД музейі қашықтықтан жұмыс істеуде. Өткен жылы мұнда 100-ден астам экскурсия өткізіліп, оған 3 мыңға жуық адам қатысқан екен.

Ал биыл музей мамандары карантинге байланысты қоғам көшінен қалыс қалмау үшін өзгеше тәсілді қолға алған. Әлеуметтік желілерде “Жәдігер арихы” атты айдар ашып, тыңдаушы қауымға / музейдегі құнды дүниелер туралы қашықтықтан баяндайды.

Любовь Осинская – СҚО ПД музейінің жетекшісі:

– Мынау кезіндегі милицияның 33-34-ші жылдары жазған жедел есептері. Олар мына машинамен басылған. Тарихи құжаттарға зер сала отырып, 34-ші жылдың 3-ші қыркүйегінде өңірде қандай оқиғалардың болғанын білеміз. Осыдан 87 жыл бұрын өлкемізде іш сүзегі таралған екен. Сонда тәртіп сақшылары инфекцияға қарсы біраз шаруа атқарыпты. Өкінішке қарай, бүгінде осыған ұқсас жағдай қайталануда.

Бисенова Жанна