Құқық қорғау органдары

Алаяқ петропавлдықтарды 5 млн теңгеге алдап кетті

Жаңа салынған баспаналардан үй алып беремін. Петропавлда алаяқтықпен айналысқан қылмыскер қолға түсті. Алдапсоғар үйі сүрілетін қала тұрғындарына хабарласып, белгілі бір қаражат төлеу керек екенін айтқан. Осылайша жаңа пәтердің кілтіне жақын арада қол жеткізесіз деп сендірген.

Қазіргі күні елордалық полицейлермен бірлесе атқарылған іздестіру шараларының нәтижесінде 86-шы жылы туылған азаматша қолға түсті. Ол Нұр-Сұлтан қаласында тұрады екен. Петропавл тұрғындарына келтірілген шығынның жалпы сомасы 5 млн теңгені құрады.

Бердимурат Баймухан