Ауыл шаруашылығы

СҚО-да 2,6 млн тонна алтын дән қамбаға бастырылды

СҚО-да орақ науқаны қызу жүріп жатыр. Биыл өңірде 4 млн 200 мың гектар жерге егін егілген болатын. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мамандарының мәліметінше, бүгінге дейін 1 млн 800 мың жердегі дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналыпты.

Қамбаға бастырылған өнімнің көлемі 2,6 млн тоннаны құрайды. Гектар берекелігі – 14,2 центнердің шамасында. Астық шығымдылығы бойынша Қызылжар ауданы көш басында тұр. Мұндағы көрсеткіш 17 центнерге жеткен. Бүгінде аққайыңдар өлкесінің алқаптарында 3 мыңнан астам комбайн жұмыс істеуде. Жалпы, орақ науқанына 7,5 мың комбайн тартылмақ.

Бердимурат Баймухан