Қоғам

«Жасыл ел» жобасының кезекті еңбек маусымы аяқталуға жақын

“Жасыл ел” еңбек жасағының сарбаздары кезекті маусымды тәмамдауға жақын.

Биыл республикалық жобаға 315 солтүстікқазақстандық студент қатысқан. Олардың барлығы өңірдегі 12 орман шаруашылығына өзара бөлініп, жаз бойы еңбек етті. Жастар мамырдың 15-інен  бүгінге дейін біраз шаруа тындырған: ағаш отырғызған, айналаны күл-қоқыстан тазартып, абаттандыру бойынша өзге де ауқымды іс атқарған. Осы ретте жасылелдіктер – тұрғындардан орманда қоқыс шашпай, қоршаған ортаға құрметпен қарауды өтінеді.

Ешкенова Дана