Құқық қорғау органдары

СҚО-да заңсыз қару сақтаудың 18-ші фактісі анықталды

СҚО-да заңсыз қару сақтаудың 18-ші фактісі анықталды. Соңғы оқиға Шал ақын ауданының орталығы Сергеевка қаласында тіркелді.

Мұнда полицейлер 60 жастағы тұрғынның үйінен маркасы белгісіз шолақ мылтық тапты. Ер адам мұндай дүниенің барынан хабарсыз екендігін айтқан. Және қарудың марқұм ұлынан қалуы мүмкін екенін мәлімдепті. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Қаруды заңсыз сақтап келгені үшін аудан тұрғынына 200 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін немесе 50 тәулікке қамаққа алынуы ықтимал.

Маржан Касымбек