Kurultai banner mobile

Құқық қорғау органдары

Тайынша ауданында 43 жастағы механизатор қайтыс болды

Танап басындағы қайғылы жағдай. Тайынша ауданында 43 жастағы механизатор қаза тапты.

Оқиға дүйсенбі күні Қарағаш елді мекенінің маңында болған. Ауыл тұрғыны жергілікті шаруашылықтың егістік алқабында жүрген екен. “К-700” тракторының дөңгелегі жұмыс кезінде шұңқырға түсіп кетіп, аударылып қалса керек. Қатты соққының салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмған. Қазір аталған фактіге байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

 

 

Бердимурат Баймухан