Ауыл шаруашылығы

СҚО-да қараусыз жүрген мал айып тұрағына қамалатын болды

Өңірде қараусыз жүрген мал енді айып тұрағына қамалады.

Тәртіп сақшыларының сөзінше мұндай әдіс барымташылықпен күресте тиімді болмақ. Өйткені, жайлауда бақташысыз емін-еркін жайылып жүрген төрт түлік кей жағдайда қолды болып жатады. Әрі трассада көліктің / жолдан өтпекші болған жануармен соқтығысып қалған сәттері де сирек емес. Мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында облыс бойынша / мал уақытша ұсталатын 54 орын әзірленген. Оның 11-і Мамлют ауданында орналасыпты. Жуырда аталған ауданның полицейлері Меңгесер көлінің маңында жүрген 30-дан астам жылқыны айып тұрағына айдап әкелген. Мамандардың айтуынша, жылқылардың жанында бақташысы болмаған. Жануарлардың қожайындары анықталып, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 408-бабына сәйкес 3 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Айта кетейік, жалпы өңір полицейлері 10 күннің ішінде бақылаусыз жүрген 90-ға жуық малды айып тұрағына қамаған екен.

 

 

 

Бердимурат Баймухан