Әр түрлі

Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу уақыты аяқталуға жақын

Көліктерді тіркеу уақыты аяқталуға жақын. Нақтырақ айтсақ, Қазақстанға Армения елінен әкелген темір тұлпарларды жерлестеріміз қыркүйек айының 1-не дейін есепке қоюлары тиіс.

Қысқа мерзімде жаңа нөмір алу үшін барлық жағдай жасалған дейді тәртіп сақшылары. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы құжаттарды сағат таңғы 9-дан кешкі 18:00-ге дейін қабылдайды. Ал тіркеу үшін қажетті сома мөлшері 11 мың 946 теңгені құрайды.

Алтынбек Жамалиев – СҚО ПД процессингтік орталығының аға инспекторы:

– Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында СҚО полиция департаменті процессингтік орталығының қызметкері кезекшілік атқаруда. Кез-келген азаматт келіп сұрақ қойып, қандай құжаттар қажет екені жайында ақпарат ала алады. Егер азаматтар 1-ші қыркүйекке дейін көліктерін тіркеп үлгермесе темір тұлпарлар ел аумағынан шығарылуы тиіс болады немесе жүруге тиым салынады.

 

 

 

Бердимурат Баймухан