МТРА жаңалықтары

Тамыздың 19-ында ел бойынша телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады

Тамыздың 19-ы, сәрсенбі, Қазақстан бойынша телерадио хабарларын тарату тоқтатылады. Жоспарлы профилактикалық шаралар түнгі 3-тен кешкі сағат 5-ке дейін жалғасады.

“Қазтелерадио” хабарламасында “Уақытша ыңғайсыздық тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз”,- делінген. Бұл уақыт аралығында техникалық жабдықтарды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Компания өкілдерінің сөзінше, сәйкесінше, телерадио хабарларын тарату сапасы артады. Сұрақ туындаған жағдайда “Қазтелерадио”-ның кол-орталығына 193, 7193 және +7 (727) 2 581 500 байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады.

 

 

 

Эльмира Садвокасова