Құқық қорғау органдары

Мотоцикл жүргізушілері жауапкершілікке тартылуда

Түнгі уақытта мотоцикл жүргізушілері тыныштықты бұзып, мазаны қашырады. Петропавлдықтар полиция қызметкерлеріне осындай шағыммен жиі жүгінетін болған.

Сондықтан тәртіп сақшылары облыс орталығында рейд шарасын күшейтіпті. Нәтижесінде екі күннің ішінде ереже бұзған 5 бірдей қос дөңгелекті көлік иесіне айыппұл салынған. Сондай-ақ, мамандар мотоцикл, автокөлік жүргізушілерімен профилактикалық әңгіме жүргізіп, негізгі қағидаларды еске салды. Мұндай бастама алдағы уақытта тұрақты түрде қолға алынбақ.

Санат Еменалин — қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы:

 – Бүгін Петропавлда түнгі уақытта тыныштықты бұзу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілді. Назарбаев және Сүтішев көшелерінің қиылысында 20 жасар тұрғы басқарған ВАЗ-2112 автомашинасы тоқтатылды, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

 

 

Ешкенова Дана