Спорт

Футболдан ел чемпионатының басталу уақыты кейінге шегерілді

Футболдан ел чемпионатының басталу уақыты тағы да кейінге шегерілді. Премьер-Лига ойындары кем дегенде екі аптадан кейін өтпек.

Мұндай шешім Қазақстандағы карантиннің ұзартылуына байланысты қабылданып отыр. Жоспар бойынша, біріншілік тамыздың 3-і күні басталуы тиіс еді. Командалардың басым бөлігі Алматы қаласына келіп, қызу дайындыққа кірісті де. Алайда дүйсенбіде жасыл алаңға шықпайтын болып отыр. Оңтүстік астанаға ат басын тірегендердің арасында жергілікті «Qyzyljar» да бар. Петропавлдық ұжым 4-ші турда жамбылдық «Taraz»-бен күш сынасуы қажет. Қазір біздің жігіттер үйге келе жатыр.

 

 

Эльмира Садвокасова