МТРА жаңалықтары

500 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталды

Аққайыңдар өлкесінде тағы да бармақ басты, көз қыстылық фактісі тіркелді. Облыстық көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысы 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері хабарлады. Жарты млн теңге үшін шенеунік жергілікті кәсіпкерлердің біріне қамқорлық танытамын деп уәде берген екен. Тағы бизнесменге
жүк көліктерініз аймағымызда еш кедергісіз қозғалады деп кепілдік берген. Қазір аталған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.