Қоғам

Жұма және демалыс күндері дыбыстық хабар таратылады

Облыс орталығында карантин талаптары күшейтілген уақытта, яғни жұма және демалыс күндері дыбыстық хабар таратылады.

Автокөлік шаһардың орталық көшелері мен адам көп шоғырланған жерлерді аралайды. Аулалар мен жеке аумаққа кірмейді. Дыбыстық хабар күніне 5 сағат таратылады. Осы аралықта 75 мәрте қазақ және орыс тілдерінде петропавлдықтарға коронавирустың қаупі баяндалады, індетті жұқтырғандардың соңғы статистикасы жарияланады. Тағы қалалықтарға сақтану шаралары мен дерттің алғашқы белгілері туралы ақпарат беріледі.