МТРА жаңалықтары

Өңірдің ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 150 млн доллардан асты

Тиімді ынтымақтастық! Бес айдың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен жасасқан өзара саудасы 150 млн доллардан асты.

Қаржының басым бөлігі импорттың үлесінде. Қаңтар-мамыр аралығында өңірімізге 136 млн доллардың тауары әкелініпті. Ал, экспорт 14 млн долларды құраған. Яғни, осынша сомманың өнімін шекара асырыпсыз. Негізгі серіктесіміз – Ресей. Солтүстіктегі көршілерімізбен арадағы сауда айналымы 96% құрайды. Қалғаны Беларусь Республикасы мен Қырғызстанға тиесілі.

Маржан Касымбек