Ауыл шаруашылығы

Айыртау ауданында сүт-тауарлы ферма салынып жатыр

Ақылды мал шаруашылығы! Айыртау ауданында толық цифрландырылған алғашқы сүт-тауарлы ферманың құрылысы жүріп жатыр. Арықбалық ауылында орналасқан кәсіпорын қыркүйек айында іске қосылмақ.

Қазір болашақ өндіріс ошағында жұмыс қызу. Бұл – өлкемізде “Қарапайым заттар экономикасы” бағдарламасы және СПК “Солтүстіктен” берілген 2 пайыздық қаржы арқылы салынып жатқан 3 нысанның бірі. Жалпы, биыл аймақта 10 сүт-тауарлы ферманың құрылысы басталды.

Эльмира Садвокасова