Білім

Жергілікті университеттің мәртебесі өзгерді

Өңіріміздегі жалғыз жоғарғы оқу орнының мәртебесі өзгерді. Бұдан былай білім ордасы коммерциялық емес акционерлік қоғамы деген статусқа ие. Яғни, мемлекеттік емес.

Тағы, университет “Kozybayev university” деп аталмақ. Орын алған жаңашылдықтар зор мүмкіндіктерге жол ашады. Енді барлық табыс қара шаңырақты дамытуға бағытталмақ. Бұрын қомақты ақша республикалық қазынаға аударылатын. Білім ордасының өзіндік танымбелгісі мен жалауына да өзгеріс енгізілді. Алдағы уақытта оқу ошағының өзіндік дипломы да болмақ.

Ербол Исақаев, М.Қозыбаев атындағы СҚУ уәкілетті тұлғасы:

– Жаңашылдық білім беру жүйесіне кері әсерін тигізбейді. Керісінше жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Қазіргі уақытта мұндай өзгеріс барлық мемлекеттік университеттерде орын алып жатыр. Диплом жайына тоқталайын. Біз 2021 жылдан бастап өзіміздің үлгідегі диплом беретін боламыз.

Маржан Касымбек