Спорт

Футболдан Қазақстан чемпионаты қайта тоқтатылды

Футболсүйер қауым асыға күткен Қазақстан чемпионаты қайта тоқтатылды. Бұл жолы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың күрт ушығуы салдарынан аяқ доп шеберлері 2 апта жасыл алаңға шықпайды.

Яғни, коронавирусқа байланысты жағдай жақсарып, карантин өз нәтижесін берсе ғана ойындар шілденің 19-ынан бастап ұйымдастырылады. Жалпы, бүгінгі күнге дейін премьер лига командалары арасында 3 тур өтті. Жергілікті “Qyzyljar” соңғы кездесуде көкшетаулық “Oqjetpes”-пен күш сынасып, басым түсті. Келесі қарсылас “Taraz” еді. Қазір петропавлдықтардың қоржынында 3 ұпай бар. Турнирлік кестеде 9-шы орында тұр.

Эльмира Садвокасова