Ауыл шаруашылығы

СҚО-да бруцеллез дертінің тағы бір ошағы табылды

СҚО-да бруцеллез дертінің тағы бір ошағы табылды.

Мал ауруы бұған дейін Тимирязев ауданында тіркелсе, бұл жолы Уәлиханов ауданынан шықты. Нақтырақ айтқанда, Бидайық ауылдық округіне қарасты Өндіріс ауылындағы қара малдан анықталып отыр. 25 бірдей сиырдың індетке шалдыққан жоспарлы тексеріс кезінде белгілі болған екен. Бұдан кейін ауру мал санитарлық союға жөнелтіліпті. Қазіргі уақытта аталған елді мекеннен ірі қараның етін шығаруға тыйым салынған, әр 15 күн сайын дезифенциялық шаралар жүргізіліп тұрады. Адамдардың арасында дертті ешкім жұқтырмаған.

 

 

 

 

 

 

Данаш Хамзина