Халық тарих толқынында

55 жылдық тарихы бар ескерткіш жөнделді

55 жылдық тарихы бар ескерткіш жөнделді. Қызылжар ауданындағы Кривозерка селосында ҰОС жауынгерлерінің құрметіне орнатылған обелиск қалыпқа келтірілді.

Аталған елді мекендегі монумент 30 жыл бойы жөндеу көрмеген екен. Жаңғырту ісіне биыл аудан бюджетінен 500 мың теңге қаражат бөлініпті. Бұл сомаға ескерткіш ақталған, 94 сарбаздың аты-жөні жазылған мемориалдық тақта орнатылған және аумақтың бір бөлігі қоршалған. Кейін, шаруаны /ауыл тұрғындары жалғастырыпты. Олар қаржы жинап, 327 мыңға маңайға кеспе тас төсеген және нысанды толығымен қоршаған. Іс барысында азаматтар тағы бір мемориалдық тақтаның қажет екендігін анықтапты. Себебі, Отан үшін от кешкен 38 майдангердің есімі қалып қойған көрінеді. Мұны жергілікті халық  аудандық билік ескеріп, өтінішімізді орындаса дейді.

Ешкенова Дана