МТРА жаңалықтары

СҚО-да Армениядан әкелінген 115 автокөлік тіркелді

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында Армениядан жеткізілген 115 автокөлдік тіркелді. Белгілі болғандай жерлестеріміз «Toyota Сamry» мен «Xyundai Sonata» маркалы машиналарын көп алыпты. Ара арасында ауыржүккөліктерін тіркеу фактілері де кездеседі.

Айта кетейік, қазіргі күні Армениядан ақпанның 1-не дейін жеткізілген көліктерді қайта тіркеу жүріп жатыр. Барлық категориядағы темір тұлпарлар үшін тіркеу шарттары бірдей. Бұл қатарға рөлі сол жақта орналасқан көліктер де кіреді. Қызмет түрі шамамен 12 мың теңгені құрайды. Аталған сомаға тіркеу және нөмір мен техпаспорт үшін мемлекеттік баж кіреді. Барлық анықтаманы экранда көрсетілген полиция департаментінің жедел желісі арқылы біле аласыздар. 32-00-19, 32-00-22, 8-776-297-84-32.

Бердимурат Баймухан