Аптадағы маңызды жаңалықтар

Бескөлдегі орталық жылыту қазандығы жөнделіп жатыр

Бүгінде Бескөл ауылындағы орталық жылыту қазандығына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған мақсатқа Жұмыспен қамту 2020 жол картасы аясында республикалық бюджеттен 40 млн теңгеге жуық қаржы бағытталыпты. Осыған орай жергілікті мониторингілік топ өкілдері атқарылып жатқан істі тексеріп, бюджет қаражатының игерілуін байқады. Және осыдан 2 жыл бұрын үйлері орталық жылыту жүйесіне қосылған тұрғындармен жүздесті.

Әсия Жақыпова Бескөл ауылында 20 жылдан бері тұрып келеді. Зейнеткер – осыдан 2 жыл бұрын ең алғаш болып пәтерін орталық жылыту қазандығына қосқызғандардың бірі. Нәзікжанды бұрын отынды сырттан тасып әлек болған едік. Ал соңғы жылдары үйіміз бірқалыпты жылы күйде болып, жанымыз тынышталды дейді.

Әсия Жақыпова – Бескөл ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы:

– 1 машина көмірдің бәрін үйге шелекпен тасыған оңай дейсіз бе? Әрине, жоқ. Әсіресе, біз сияқты зейнеткерлерге қиын. Өткен жылдары жергілікті билік тұрғындарды жинап үйлерді орталық қазандыққа қосатындарын айтты. Біз көршілерімізбен бірге келісімімізді бердік. Еш өкінген жоқпыз. Қыс бойы баспанамыз жып-жылы болды.

Бүгінге дейін Бескөлдегі барлық әлеуметтік нысандар мен 120-дан аса пәтер орталықтан жылытуға қосылған. Баспаналарға жылу беруді мына қазандық қамтамасыз етеді. Жұмысын 2017-де бастапты. Қазіргі күні мұнда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындармен жүздескен мониторингілік топ өкілдері атқарылған шаруаны да тексерді. Және мамандар қауырт маусымға қаншалықты дайын екендіктерін сұрастырды.

Қайырбек Нұралин – «Қызылжар ЖКХ» ЖШС директоры:

– 2020 жылы жұмысты бастадық. 4 қазандық істемей тұрған. Оны жөндеуге 40 млн-ға жуық қаржы бөлінді.

Қазіргі күні Бескөлде 84 көпқабатты үй бар. 4 қазандықты жөндеу толық аяқталғаннан соң жылу беру қуаты да артады екен. Және селоның тең жартысын жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Мониторингілік топ өкілдері атқарылған іске оң бағаларын берді. Сондай-ақ, мамандар алдағы үш айда тағы 30 шақты үйді орталықтан жылытуға қосу жоспарда бар дейді.

Ербол Багенов – Бескөл ауылдық округінің әкімі, Қызылжар ауданы:

– Былтыр 8 үй қосылған орталықтан жылытуға. Барлығы мемлекеттік «Құтты мекен» жобасы бойынша атқарылып жатыр.

Мамандардың айтуынша қазандыққа қосылуға өтініш берген жандардың саны күннен күнге артып жатыр. Жеке тұрғын үйлер де назардан тыс қалмайды. Биыл олардың 40-шақтысы тұрақты жылумен қамтамасыз етіледі.

Бердимурат Баймухан