Құқық қорғау органдары

26 маусым – Халықаралық нашақорлықпен күрес күні

Жыл басынан бері өңірлік полицейлер есіртікіге қатысты 99 факті тіркеп, заңсыз айналымнан 127 келі наша тәркілеген. Қазіргі күні сол нашаның дәмін татып, оған тәуелді болған жандармен оңалту шаралары жүргізіліп жатыр.

Бұған еріктілер мен жастар үлкен үлес қосуда. Денис Насретдинов есімді азамат кезінде есірткіге тәуелді болыпты. Қазіргі күні жасаған қателігін ойласа қатты өкінеді. Енді ол қоғамға пайдамды ғана тигізгім келеді дейді. Сол себепті, жерлесіміз жастармен кездесу жүргізеді екен. Азамат есірткіге беріліп, оған бағынышты болып қалғандарға қолдау көрсетіп, тәуелділіктен арылуға көмектеседі. Және жастарға өзінің өмірдегі ең үлкен қателігі жайлы айтып, есірткіге мүлдем жоламау қажеттігін түсіндіреді. Бүгін 26 маусым. Яғни, Халықаралық нашақорлықпен күрес күні. Осыған орай, қала тұрғыны ұл-қыздарға ақыл-кеңесін жолдады.

Денис Насретдинов – волонтер:

– Есірткі адамды жақсылыққа апармайды. Ең бақытты адам – салауатты өмір салтын ұстанып, өз денсаулығын күте білген кісі. Қанша жерден мықтымын десең де есірткі сенің түбіңе жетеді. Одан әсте сақ болу қажет.

Бердимурат Баймухан