Ауыл шаруашылығы

СҚО-да 7 ірі қарадан бруцеллез табылды

Тимирязев ауданында малдардан бруцеллез ауруы табылды.

Инфекция Дмитриевка ауылынан шыққан. Мамандар жануарларды жоспарлы тексеру барысында  7 бірдей ірі қарадан жұқпалы дерт тапқан. Індетке шалдыққан сиырлар санитарлық союға өткізіліп, дезинфекциялық шаралар жүргізілді. Дәрігерлер малдардың иелерін де тексеріпті. Тексеріс нәтижесі ойдағыдай, адамдардың арасында бруцеллезге шалдыққандары жоқ. Қазір ветеринарлар аталған елді мекеннен сиыр мен оның етін шығаруға шектеу қойды. Тыйым  барлық арнайы сауықтыру шаралары жүргізіліп болғаннан кейін ғана алынып тасталмақ.

Бердимурат Баймухан