Қоғам

Петропавлда бейбіт митинг өткізуге арнайы орындар белгіленді

Петропавлда бейбіт митинг өткізу үшін арнайы орындар белгіленді.

Заң бойынша олар ірі сауда-ойын-сауық орталықтары мен қару-жарақ дүкендеріне тым жақын орналаспауы қажет. Және діни нысандар мен құрылыс алаңдарының маңында да өткізуге болмайды екен. Әрі бейбіт жиналыс кезінде көлік қозғалысына және іс-шараға қатыспайтын азаматтарға кедергі келтірілмеуі керек. Картада көрсетілгендей, Петропавлда 3 жерде митинг өткізуге рұқсат етілген. Олар: Жеңіс саябағы, Ғ.Мүсірепов атындағы гүл бағы және Ядролық апат құрбандарына арналған ескерткіштің маңы. Бейбіт митинг өткізуге уақыт бойынша таңғы сағат 9 бен кешкі 8 аралығы берілген. Аталған жоба қалалық қоғамдық кеңесінің отырысында қаралып, Әділет департаментінің мақұлдауына жолданыпты.

Бердимурат Баймухан