МТРА жаңалықтары

Жемқорлыққа қарсы департамент басшысы азаматтардың сұрағына жауап береді

Тақырыпты жалғастырайық! Ертең жемқорлыққа қарсы өңірлік департамент басшысы азаматтармен  “Skype” арқылы жүздесу өткізеді.

Ернар Баянғазинға желі арқылы сауалын кез келген жерлесіміз сағат күндізгі 10 мен 12-нің аралығында қоя алады. Байланысқа шығу үшін “Skype” қосымшасының іздеу жолағында «Антикоррупционная служба СКО» тіркесін теру керек. Ал парақорлық фактісінің куәгері болған немесе жемқорлық салдарынан жапа шеккендер болса тиісті ақпаратты “қауырт желіге” хабарласып, жеткізе алады. Оның нөмірі экранда көрсетілген. “Антикор” анонимдікке кепілдік береміз дейді.

8 (7152) 70 13 83.