МТРА жаңалықтары

Желі қолданушысының шағымы

3 жастан асқан баламен ауруханаға жату үшін анасы ақылы негізде COVID-19-ға қарсы анализ тапсыру қажет! Жақында жергілікті әлеуметтік желі қолданушысы “Instagram”-да осындай пікір қалдырып, өзінің шағымын білдірді.

Бұл мәселенің анық-қанығына көз жеткізу үшін облыстық көпбейінді балалар ауруханасының бас дәрігері Олег Завьяловпен жүздестік. Оның айтуынша, егер науқас / емдеу мекемесіне қандай да бір себеппен шұғыл түрде түсіп, жатқызылатын болса, онда оның шешесі де, өзі де арнайы аймаққа жіберіледі. Сол жерде екеуінен де тегін сынама алынады. Яғни, ешқандай төлем жасалмайды екен. Тағы, мына жағдайға назар аудару керек. Егер жоспарлы госпитализация жасау қажеттілігі туындаса, онда 3 жасқа дейін ұл-қыз да, ана да алдымен емханада анализ тапсырады. Кейін, ауруханаға жүгінулері тиіс.

Олег Завьялов – облыстық көпбейінді балалар ауруханасының бас дәрігері:

– Жасы 3-тен асқан баланың жайына тоқталайық. Мұндай жағдайда науқас дәрігерлік-консультациялық комиссиядан өтеді. Сол жерде оның стационарға жататыны не жатпайтыны мәлім болады және емханада өзі мен анасынан COVID-19-ға анализ алынады. Сынама облыстық ауруханада тегін жасалады. Ешқандай ақы төлеудің қажеті жоқ. Тұрғынның шағымы емханаларға қатысты болуы мүмкін. Эпидемиологиялық кезеңде біздің ауруханада 3 баладан инфекция табылды. Ата-аналар арасында тіркелген жоқ.

Байболат Култанов