COVID-19: Қазақстан

Өңірде инфекция жұқтырғандардың саны 134-ке жетті

Өңірімізде коронавирус індеті тағы 9 адамның бойынан табылды.

Араларында 14 жасқа дейінгі бір бала бар. Барлығы да Петропавл қаласының тұрғындары. Қазір олар ауруханада тиісті ем алуда. Ал вирус ошақтары анықталған аумақта дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Жалпы, бүгінге дейін короновирус инфекциясы 134 адамда тіркелген. Оның 51-і дерттен айығып шыққан.

Актолкын Солтанханкызы