ТЖ

Ғимарат ішінен күдікті пакет табылды

Дүйім жұрты дүрліктірді! Маусымның 16-сы күні түске таман “Қазақтелеком” акционерлік қоғамының облыстық филиалы ғимаратынан күдікті пакет табылды. Оны байқаған қызметшілер бірден “102” арнасына қоңырау шалыпты.

Оқиға орнына тез арада полиция департаментінің 12 қызметкері мен 6 құтқарушы келген. Олар жедел әрекет етіп, нысаннан 58 адамды сыртқа шығарыпты. Кейін, жерлестерімізді әбігерге салған пакетті тінткен. Сонда оның ішінен қауіпсіз ескі телефон аппаратын тапқан. Қазіргі таңда байланыс құралының иесі анықталып жатыр. Алдағы уақытта заттың қалай және не себепті қалдырылғаны мәлім болмақ.

Дулат Нұрмазанов – СҚО ПД бөлімінің аға инспекторы:

– Сондай-ақ, арнайы бөлініс қызметкерлері мен кинологтар ғимартатты тексеріп шығып, қауіп төндіретін басқа фактілерді анықтамады. Қазіргі уақытта пакеттің иесін анықтау мақсатында бейнекамералардағы бейнежазбалар тексерілуде.

 

 

Ешкенова Дана