Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірде тағы 6 адамнан коронавирус табылды

Өңірде COVID-19 инфекцияның белгілерімен тағы 6 адам тіркелді.

Індет 81-ші жылы туылған әйелден және 80-ші жылғы азаматтан табылды. Сондай-ақ, жастары әлі 14-ке толмаған төрт бала тәжді вирус жұқтырған. Науқастардың барлығы – Петропавл қаласының тұрғындары. Қазір олар ауруханада қажетті ем-дом алып жатыр. Жалпы, облыста коронавирустық инфекцияның 117 жағдайы тіркелді. Емделіп шыққандардың саны 50-ді құрайды. Бұл – 16-шы маусымның таңында жарияланған мәлімет.

Дана Ешкенова