Құқық қорғау органдары

Мамлют ауданының тұрғынынан 200 литр ішімдік тәркіленді

Полицейлер тиісті құжаттары жоқ Мамлютка қаласы тұрғынының үйінен алкогольдік ішімдіктің бақандай 200 литрін тапты.

Баспана толы арақ, шарап, коньяк, сыра мен шампанды “коммерсант” тәуліктің кез-келген уақытында саудалап отырған. Оның үстіне пысықайдың қолында тентек суды өткізуге рұқсат беретін лицензия болмай шықты. Кәсіпкерсымақ жедел-алдын алу шарасының барысында анықталды. Ішімдіктің бәрі тәркіленді, ал азаматқа қатысты материал жиналып, сотқа жіберілді. Жалпы, небәрі 5 күн ішінде тәртіп сақшылары облыс бойынша 270 литрден астам алкогольді заңсыз айналымнан шығарған. Және 16 солтүстікқазақстандықты жауапкершілікке тартқан.

Саят Ермек