COVID-19: Қазақстан

Өңірде тағы 4 адамнан коронавирус табылды

Өңірде COVID-19 инфекциясының белгілерімен тағы 4 адам тіркелді.

ПТР диагностикалық зерттеулерінің нәтижелері бойынша коронавирус  27 мен 32 жас аралығындағы жандардан анықталған. Оның 3-уі облыс орталығында болса, 1 жағдай Тайынша ауданынан табылды. Науқстар Петропавл қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды. Қазір олар тиісті ем-дом қабылдауда. Жалпы, коронавирус пайда болғалы бері облыста барлығы 76 жағдай тіркеліп отыр. Емделіп шыққандардың саны – 48.

 

 

 

 

Ешкенова Дана