COVID-19: Қазақстан

Петропавлда бір күннің ішінде 7 адамнан коронавирус табылды

Облыс орталығында бір күннің ішінде 7 адамнан коронавирус табылды. Індетке шалдыққандардың басым бөлігі – 34 пен 62 жас аралығындағы жандар. Сонымен қатар, ауырғандар тізімінде 2 бала да бар.

Жауапты мамандар олардың жастары 14-ке толмаған дейді. Науқастардың 5-еуі  сырқаттанғандармен қарым-қатынаста болуына байланысты тест тапсырған. Нәтижесінде вирус жұқтырғаны анықталыпты. Ал 2 тұлға бойларында ауру белгілері байқалғандықтан дәрігерге жүгінген екен. Қазір олардың барлығы тиісті ем-дом қабылдауда. Жалпы, маусымның 10-ы күнгі таңертеңгі статистика бойынша өлкемізде коронавируспен ауырғандардың саны 72 адамды құрайды. 48-і  дерттен жазылып шыққан.

Бердимурат Баймухан