Құқық қорғау органдары

Адамды соғып, ізін суытты

Адамды соғып, ізін суытты. Маусымның 7-сі күні Мағжан Жұмабаев ауданында қайғылы жағдай орын алды.

Бәзбіреу Полудино ауылының маңында көлігімен 2002 жылы туылған адамды қағып кетті. 18 жастағы жігіт сол жерде көз жұмған. Апатқа себепші болған көлік иесі әлі анықталған жоқ. Қазір тәртіп сақшылары аталған факті бойынша жедел-іздестіру және тергеп-тексеру шараларын жүргізіп жатыр.

Сән Жұмағазина – СҚО ПД бас маманы:

– Жол-көлік оқиғасы фактісі ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі “Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда адам өліміне әкелуі” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Бердимурат Баймухан