Құқық қорғау органдары

Көліктік бақылау инспекция маманы парамен ұсталды

Облыстық көліктік бақылау инспекциясының маманы парамен ұсталды. Ол 500 мың теңгеге ресейлік жеке кәсіпкердің бұрғылау қондырғысын өңір аумағында кедергісіз тасымалдауға уәде еткен.

Әрі алдағы уақытта да қамқорлығын аямайтындығы жөнінде сөз берген көрінеді. Сөз берген маманның өзі қазір қамауда отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ер адам қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.

Эльмира Садвокасова