COVID-19: Қазақстан

Өңірде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 64-ке жетті

Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 64-ке жетті. Яғни, науқастардың саны 3-еуге артты.

Өлкемізге Ресейдің Омбы қаласында вахталық әдіспен жұмыс істейтін 90-шы, 93-ші және 96-шы жылғы ел азаматтары келген. Зерттеу нәтижесінде олардың індетке шалдыққаны анықталды. Қазір олар Петропавлда ем алып жатыр. Бұл жандармен байланыста болған 4 тұлға тексеріліпті, дерт белгілері табылмаған.

Култанов Байболат