ТЖ

СҚО-да 23 жастағы жігіт суға батып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында 23 жастағы жігіт суға батып кетті. Оқиға жексенбі күні Аққайың ауданында болған.

Қиялы ауылының қос тұрғыны масаң күйде жақын маңдағы котлованға суға түсуге барған. Салдарынан 2 жігіттің біреуі батып кетті. Бұл – облыс аумағында суда болған 2-ші қайғылы жағдай.

Игорь Жуков, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

 – Біреуі суға түсіп, екіншісі малту білмегендіктен жағалауда қалған. Жолдасы су астына кете бастағанда жағадағы жігіт жақын маңда жүрген тұрғынға қарай жанұшыра көмек сұрауға жүгіреді Бірақ, өкінішке қарай судан марқұмның денесін алып шыққан. Тұрғындарға айтарым, жабдықталмаған жерде суға түспеңіздер!

 

 

 

Ешкенова Дана