Балалар

Оқушылар сарайында балаларға арналып мерекелік іс-шара өтті

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Оқушылар сарайында түрлі қызықты іс-шара ұйымдастырылды.

Мамандар ұл-қыздарға арнап үлкен бағдарлама әзірлеген. Әр балғын өзіне ұнаған секцияға қатыса алды. Бірі ток-шоу ойындарын таңдаса, енді бірі интеллектуалды конкурстарға қатысты. Ал мына бөлмедегі балалар “Менің бақытты балалық шағым” атты фотоколлаж жасауда. 11 жасар Аслан Серғали да осында. Ол жанұялық суретті әрлеп, ата-анасына тарту етпек.

Аслан Серғали – оқушы:

– Бүгінгі фотоколлажда өзімнің отбасыммен түскен фотосуреттерді жинап алдым. Жалпы, жұмыс барысында ешқандай қиындықтар туындаған жоқ. Керісінше, барлық секциялардағы іс-шаралар қызықты өтті.

 

 

 

Ешкенова Дана