COVID-19: Қазақстан

Карантин талаптары тағы да жеңілдеді

СҚО-ның бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.

Өңірде карантин талаптары тағы да жеңілдеді. Нақтырақ айтатын болсақ, бүгіннен бастап  аймақтағы барлық блокпостар алынып тасталды. Енді басқа өңірлердің тұрғындары біздің өлкеге емін-еркін кіре алады. Бұдан бөлек, дәмхана-мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеу уақыты шектеусіз болады. Тағы ашық аспан астындағы аттракциондардың қызметі жанданды.

Серікбай Қасмақасов – СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

– Бүгіннен бастап барлық спорт және мәдени іс-шаралар қайта жанданады. Алайда, жиындардың барлығы көрерменсіз өтуі тиіс. Тағы, 3 бағытта жүретін поездар жолаушы тасымалын жалғастырады. Олар Алматы, Нұр-Сұлтан, Қызылордадан – Петропавл бағыттары бойынша. Поездің ішінде санитарлық нормалар қатаң сақталуы тиіс.

 

Ешкенова Дана