Аптадағы маңызды жаңалықтар

Вирус жұқтырғандардың саны 51-ге жетті

Статистика қайта өсті. Бүгінгі мәлімет бойынша өңірде инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 51 адамға жетті. Бойынан вирус табылғандар – Ресейден келген қазақстандық қос азамат.

Біреуі 41 жастағы Екатеринбург қаласынан оралған жұмысшы. Ал екіншісі – 32 жастағы Омбыдан келген жүк тасымалдаушы. Осылайша бүгінде инфекциялық стационарда – 15, провизорлықта – 38, карантиндік стационарда 76 адам жатыр. Ал емделіп шыққандардың саны – 33.

Бердимурат Баймухан