МТРА жаңалықтары

Мониторингілік топ ЖИТС орталығында болды

Мониторингілік топ бүгін облыстық СПИД орталығында да болды. Мамандар ғимаратта атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысып, қызметкерлермен кездесті.

Биыл бұл нысанда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 14 млн теңге қаржы бөлінген еді. Қазіргі күні ғимараттың екінші қабатындағы қабырғаларға су жаңа плита жабыстырылп, желдету жүйесі толығымен ауыстырылуда. Себебі, аталған орында бұрындары наркологиялық диспансЕр болған. Ал оған арналып салынған вентиляция вирус зерттейтін орталыққа жарамайды екен. Жалпы, мамандар мұнда түрлі жұқпалы ауруларға зерттеу жүргізеді. Алдағы уақытта олардың қатарына КОВИД-19 да қосылуы мүмкін.

Айман Сыздықова – облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері:

– ВИЧ ауруы мен оған ұқсас вирустарға анализ жасаймыз. Сонымен қатар, клиникалық, биохимиялық зерттеулер де жүргіземіз. Біз осы нысанға былтыр ауыстырылған едік. Сол себепті, ғимарат ішін талапқа сай етіп жөндеп жатырмыз. Шаруа 2 айда тәмамдалып қалады.

Юрий Белоног – «Nur Otan» партиясы СҚОФ жанындағы мониторингілік тобының төрағасы:

– Нысанда атқарылып жатқан шаруа бойынша ешқандай олқылық табылмады. Жұмыс кестесі дұрыс, құрылысқа 90 пайыз отандық материалдар қолданылып жатыр. Енді, осында іс аяқталған соң тағы бір мәрте келіп тексеретін боламыз.

Бердимурат Баймухан