Денсаулық сақтау

Індетпен күресте ерлеген ақхалаттылар марапат алды

Медицина қызметкерлеріне мың алғыс! Коронавируспен күресте ерлеген өңір ақхалаттылары лайықты марапаттарын алды.

30 маман – “Денсаулық сақтау саласының үздігі” және “Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін” атты ведомстволық төсбелгілерін тағынды. Елді дендеген қауіпті індетті ауыздықтауда оларға зор жауапкершілік пен үміт артылғаны мәлім. Бұл үмітті дәрігерлер мен медбикелер ақтай білді. Десе де, вируспен күрес әлі де жалғасуда. Соңғы мәліметтерге сай өңірде бойынан COVID-19 табылған 39 адамның 30-ы дерттен айығып шыққан. Бүгінде 8 адам – инфекциялық, 41-і – провизорлық, 72 жерлесіміз карантиндік стационарда жатыр, ал 334 тұрғын үйлерінде оқшауландырылған.

 

 

 

 

 

Актолкын Солтанханкызы