Kurultai banner mobile

Құқық қорғау органдары

Өңір полицейлері жыл басынан бері 70 есірткі қылмысын ашты

Синтетикалық тұз бен спайс. Өңір полицейлері жыл басынан бері есірткіге қатысты 70 қылмыстың бетін ашқан. Заңсыз айналымнан 4 жарым келі наша тәркіленіпті.

Қазір тәртіп сақшылары профилактикалық шаралар легін өткізіп жатыр. Оның аясында жастарға арнап онлайн сабақ ұйымдастырған. Акцияға «Қамқор» еріктілер клубы да ат салысты. Белсенді ұл-қыздар / нашақорлықтың адам өміріне қаншалықты қауіпті екендігі жайлы бейнеролик түсірген. Сондай-ақ, үйлердің қабырғаларында, көлікжай мен қоршауларда қалдырылған зиянды интернет-парақшалар туралы жазбалардың көзін жойған.

Маржан Касымбек