МТРА жаңалықтары

Дәмханалар мен мейрамханалар қызметін қайта бастады

Енді, дәмханалар мен мейрамханалар туралы толығырақ тоқталсақ. Бүгіннен бастап қалада 32 қоғамдық тамақтану орны өз қызметін қайта жандандырды.

Олардың 7-уі жаздық болып саналады. Ал облыс бойынша аудандарда мұндай тағы 15 нысан жұмысын бастады. Мамандар қызметті санитарлық талаптарды қатаң сақтай отыра атқаруда. Мәселен, қаладағы мына аспан астындағы тамақтанатын орын  бұрындары 50-ден аса адам қабылдайтын. Қазір клиенттердің санын бір мезетке 30-ға дейін қысқартқан. Ал жұмыс уақыты – кешкі 22:00-ге дейін ғана. Үстелдер де тиісті тәртіпке сай орналастырылған екен. Аталған талаптар жайында өңірдің бас санитарлық дәрігері Серікбай Қасмақасовтың қаулысында жазылған. Талап жалпыға бірдей. Айта кетейік, алдағы уақытта қалада тағы 30 тамақтану орны жұмысын бастайды.

Ирина Васильева, дәмхана әкімшісі:

– Бүгінгі күнді асыға күттік. Дайындалдық. Барлық санитарлық талаптарды сақтайтын боламыз. Жұмысшыларымыздың бәрі қолғап пен бетперде киіп жүр. Клиенттер үшін дезинфекциялық құрал орнатылған. Адамдар келген кезде бірден олардың дене қызуын тексереміз. Кеткеннен кейін орындарын залалсыздандырамыз. Бүгін 3 адам қоңырау шалып жазылды.

 

 

Бердимурат Баймухан