Ауыл шаруашылығыҚұқық қорғау органдары

59 тонна бидай ұрланған

Жамбыл ауданындағы серіктестіктердің бірінен 59 тонна астық ұрланған. Мұны агроқұрылым өкілдері 30-шы сәуір күні байқапты.

Шығын көлемі 6 млн теңгені құраған екен. Тексеріс жұмыстары кезінде 26-сынан 27-сіне қараған түні нысан ішіндегі бейнебақылау камераларының сөндірілгені анықталады. Артынша бұл іске қатысы бар деген күдікпен дәл осы заңбұзушылық орын алған кәсіпорынның 3 қызметкері құрықталды. Қазір аталған жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің 188-ші бабы – «Ұрлық» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Бөтеннің мүлкін жымқырған жандардан тұқым тиелген 3 бірдей “КамАЗ” автокөлігі тәркіленіпті. Ал ұрланған бидай иесіне қайтарылған.

Актолкын Солтанханкызы