Халық тарих толқынында

Құтқарушылар ардагерлерді құттықтады

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.

Мамандар мереке қарсаңында Тайынша қаласының 93 жастағы тұрғыны Петр Перфильевтің үйінде болды. Ол 17 жасында майдан даласына аттанып, жаумен күресіпті. Соғыстан тек 50-ші жылы оралған екен. Кейін, аудандық өрт сөндіру бөлімінде еңбек еткен. Қызметкерлер жерлесімізді 9-шы мамыр мерекесімен құттықтап, сыйлық пен гүл шоғын табыс етті. Оған қоса, ведомство өкілдері Петропавлда тұратын бірқатар тыл еңбеккеріне мейраммен құттықтай барды.

Актолкын Солтанханкызы