Ауа райы

Өңірде 32 градус ыстық болады

Хабарымыздың соңында ауа райы жайлы ақпарға құлақ түріңіздер. Синоптиктердің болжамынша өңір аумағында мамырдың 11-і мен 13-і аралығында 32 градус ыстық болады.

Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ескертеді. Себебі, бұл күндері өрттің болу қаупі күшейеді. Үйлердің, саяжайлардың, қураған ағаштардың маңында және орманда от жағуға қатаң тыйым салынып отыр.

Ешкенова Дана