ТЖ

Облыстық ТЖ департаментінің бастығы жұмыс сапарымен Айыртау ауданына барды

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рамиль Камалов жұмыс сапарымен Айыртау ауданына барды.

Өңірдің бас құтқарушысы аталған ауданда алдағы суға шомылу маусымына орай жүргізіліп жатқан дайындық барысын байқаған. Сондай-ақ, Шалқар мен Имантау көлдеріндегі жағдайды бағамдады. Мұнда су-құтқару стансаларының құрылысы жоспарланған. Имантау ауылындағы өрт сөндіру бекетінің қызметі де назардан тыс қалған жоқ.

Ешкенова Дана